Алғашқы аэротаксилер Қазақстанға 2028 жылы жеткізіледі

02.10.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Қазақстанға алғашқы аэротаксилерді 2028 жылы жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы AI & Digital Bridge форумында Alatau Advanced Air Group компаниясының IT жөніндегі директоры Роман Богдашкин мәлімдеді.

"Мұнда бізге де, Қазақстанға да қатысы жоқ белгілі бір шектеулер бар. Мұндай әуе кемелері – жаңа тип. Олар үлкен авиациядағыдай қатаң сертификаттаудан өтеді. (...) Бұл үдеріс бірнеше жылға созылады", - деді ол.

Әуе кемесімен ұшу құны туралы сұраққа Богдашкин:

"Коммерциялық модель әлі талқыланып жатыр. Әрине, оның бағасы кәдімгі таксимен жүрумен бірдей болмайды. Бірақ адамдардың Медеуге тез ұшып жетуіне шамасы жетеді деп ойлаймын", - деп жауап берді.

Аэротакси алғаш рет биыл мамыр айында Алатауда сынақтан өткізілді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью