Алғашқы қоңырау: биыл гүл бағасы қаншалықты қымбаттайды

28.08.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Алғашқы қорңырау күні гүл саудасы жаппай қыза түседі. Биыл гүлдің құны қанша болады, қай қалада баға қымбаттады. Бұл туралы Energyprom.kz жазды.

Астана және Алматыда ең қарапайым кішкентай гүл шоғы орташа есеппен 4,5 мыңнан 8,5 мың теңгеге дейін тұрады екен. Бұл бірнеше хризантема, гладиолус немесе түрлі-түсті астра болуы мүмкін. Орташа гүл шоғының бағасы тіпті 8 мыңнан 32 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Ал "люкс" тапсырыстар гүл шоғының түрі мен қаптамасына байланысты бағасы 30 мыңнан 151,9 мың теңгеге дейін өзгереді.

БАҚ беттерінде жарияланған флористердің сараптамалық сұхбаттарына сүйенсек, дәл 1 қыркүйек қарсаңында бағалар айтарлықтай өсуі мүмкін. Алайда, ресми мәліметтерде баға өспейтінін жазылған.

Ұлттық статистика бюросының ақпараты бойынша, өткен мамырдан биылғы жылдың шілдесіне дейін елдегі өсімдіктерге, тұқымдарға және гүлдерге тұтыну бағасының индексі 103% -106% шегінде өзгерді, бұл 3% -6%-ке қымбаттағанын көрсетеді.

2025 жылдың тамызы мен қыркүйегінде баға айтарлықтай өскен жоқ. Баға әсіресе Астанада көбірек көтерілген - 25,8%. Атырау облысында 25,4%-ға қымбаттаған. Ал Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар және Ұлытау — өсімдіктердің, тұқымдар мен гүлдердің құны іс жүзінде өзгерген жоқ.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью