Алғашқы қоңырауға жібермейміз : Нұрада мектеп мәселесі төрт жылдан бері шешілмеген

06.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АЛМАТЫ, 6 тамыз – Sputnik. Алматы облысы Талғар ауданы Нұра ауылының мыңнан астам оқушысы әлі күнге дейін жаңа мектепке қол жеткізе алмай келеді. Биыл бұл мәселе шешіле ме, Sputnik Қазақстан анықтап көрді.

Жыл сайын уәде береді

Төрт жыл бойы оқушылар әкімдік, мәдениет үйі мен дүкен ғимараттарында білім алып келген. Алғашқы жылы бастауыш сынып оқушылары Тоғанбай ауылындағы мектепке қатынап оқыған. Алайда екі мұғалім жол апатына ұшырағаннан кейін ата-аналар қарсы болып, балаларын ол мектепке жібермеген.

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысының Нұра ауылындағы жөнделіп жатқан мектеп

Алматы облысының Нұра ауылындағы жөнделіп жатқан мектеп

© Sputnik / Айдана Дайырова

"Содан кейін бір кәсіпкердің дүкенін алып, соны мектеп ретінде пайдалануға берді. Төрт жыл бойы мектеп мәселесін айтып, шағымданбаған жеріміз жоқ. Жыл сайын "жаңа мектеп ашылады" деп уәде береді, бірақ ашылмайды", – дейді Нұра ауылының тұрғындары.

"Алғашқы қоңырауға бармаймыз"

Биылғы алғашқы қоңырау жаңа мектепте соғылады дегенге нұралықтар сенбей отыр.

"Балаларымызға өте қиын болды. Бірде ана мектепте, бірде мына мектепте оқиды, суық тигізіп келеді. Білім сапасы төмендеді, сабақтары нашарлады. Биыл мектеп ашыла ма, білмейміз. Егер ашылмаса, балаларымызды алғашқы қоңырауға жібермейміз. Мектеп ашып берсін", – дейді нұралықтар.

Олардың айтуынша, төрт жыл бойы жөнделіп бітпеген мектептің жұмысы әлі де көп. Sputnik Қазақстан тілшісі көптен күткен жаңа мектептің қазіргі жағдайын көріп қайтты.

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысының Нұра ауылындағы жөнделіп жатқан мектеп

Алматы облысының Нұра ауылындағы жөнделіп жатқан мектеп

© Sputnik / Айдана Дайырова

Қабырға қайта сыланып жатыр

Ішкі әрлеу жұмыстарымен айналысып жатқан құрылыс бригадасы белгіленген мерзімге үлгеруге болатынын айтты.

"Біздің келгенімізге он күн болды. 20 тамызға дейін әрлеу жұмыстарын аяқтауымыз керек. Екінші және үшінші қабаттар әрлеуге дайын. Бұған дейін жұмыстар қыс кезінде жүргізілген, жылу болмаған. Сол себепті қабырғалар жарылып, бетіндегі сылақтары түсіп қалған. Біз қазір соны жасап жатырмыз", – дейді бригадир Айдос Болсынбек.

Құрылысшылар материалдар мен еңбекақы уақытылы төленсе, 20 тамызға дейін жұмысты аяқтай алатынын айтты.

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысының Нұра ауылындағы жөнделіп жатқан мектеп

Алматы облысының Нұра ауылындағы жөнделіп жатқан мектеп

© Sputnik / Айдана Дайырова

Бұл тек әрлеу жұмыстарымен айналысып жатқан құрылыс бригадасы. Электр желілері мен жылу жүйесіне жауапты мамандарды құрылыс алаңынан кездестірмедік.

Әкім де наразы

Нұрадағы тұралаған мектеп құрылысына тұрғындар ғана емес, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің өзі де наразы. Әкім 22 шілдеде нысанға барып, жұмыс барысын тексерді.

"Құрылыс жұмыстарына қаржы бөлінген. Мемлекеттік мекеме осылай жұмыс атқарса, қалғаны не істейді? Мұндай жағдайға жол беруге болмайды. Қазір бір ай ғана уақыт қалды, ал біз әлі бір мектепті аяқтай алмай отырмыз. Үш жылда облыста 62 мектеп салынды. Ал мұнда бір мектепті бітіре алмай жүрсіңдер. Мердігері, қосалқы мердігері бар, қадағалау органы бар. Барлығы қатаң жазалануы керек", – деді мектепті тексерген Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Әкімдік Нұра ауылының оқушылары жаңа оқу жылын жаңа мектепте қарсы алады деп жоспарлап отыр.

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысының Нұра ауылындағы жөнделіп жатқан мектеп

1/11

© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысының Нұра ауылындағы жөнделіп жатқан мектеп

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысының Нұра ауылындағы жөнделіп жатқан мектеп

2/11

3/11

4/11

5/11

6/11

7/11

8/11

9/11

10/11

11/11

Айта кетері, Нұра ауылындағы мектеп 1962 жылы салынған. Күрделі жөндеу жұмыстары үшін жабылып, содан бері қайта ашылмаған. Жөндеу жұмыстары жүргізілген мектеп 2024 жылдың мамыр айында пайдалануға берілуі керек болған. Алайда жауапсыз мердігердің салдарынан Нұраның 1200 оқушысы төрт жылдан бері әртүрлі ғимаратта оқуға мәжбүр болып отыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью