Алғыс айту күні: астаналық оқушылар ерекше челлендж ұйымдастырды

26.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Білім ордасының холында оқушылар алғыс, құрмет пен бірлікті бейнелейтін жүрек пішінді әуе шарларын ұстап, сап түзеді. Ерекше акция мерекенің басты идеясы жақындарға, ұстаздарға және айналадағы жандарға шынайы ризашылық білдіруді насихаттауға арналды.

Акцияның ерекшелігі — символикалық эстафета елорданың өзге де білім беру ұйымдарына жолданды. № 116 мектептің оқушылары қатарластарын бастаманы қолдауға шақырып, челленджді өзге астаналық мектептерге жолдады. Осылайша алғыс айту идеясы кеңінен таралады деп жоспарланып отыр.

— Біз жылылық пен бірлікке толы шынайы атмосфера қалыптастырғымыз келді. Жүрек — мейірім мен құрметтің белгісі. Балалардың мереке туралы жай ғана біліп қоймай, оның мәнін жүрекпен сезінгені біз үшін маңызды», — деді мектеп директоры.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASTANA (@astana_akimdigi_akimat_astana)

Акцияға қатысушылардың бірі шара барысында қандай сезімде болғанын айтты.

— Жүрегімізді ұстағанда маңызды іс атқарып жатқандай сезімде болдық. Бұл — ата-анамызға, ұстаздарымызға және жанымыздағы жандарға алғыс айтудың бір жолы, — деді ол.

Ұйымдастырушылар мұндай бастамалар өскелең ұрпақ арасында алғыс айту мәдениетін, өзара құрмет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Акция қарапайым идеяның өзі елорданың оқушыларын мейірім мен ауызбіршілік құндылықтары төңірегіне топтастыра алатынын көрсеткен ерекше үлгіге айналды.

Бұған дейін алғыс айту күні әлем елдерінде қалай тойланатынын жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью