Әли Хаменейдің әйелі АҚШ пен Израиль шабуылынан аман қалған

13.03.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Иранның марқұм Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменейдің жұбайы тірі қалғаны туралы ақпарат тарады. Бұған дейін оның қаза тапқаны жөніндегі мәлімет шындыққа сәйкес келмейтіні айтылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы Fars агенттігі хабарлаған. Онда АҚШ пен Израильдің шабуылы кезінде жарақат алған Хаменейдің жұбайы аман қалғаны айтылған.

Бұған дейін, 2 наурызда оның қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда кейін бұл мәліметтің қате болғаны белгілі болған.

Ирандық БАҚ-та:

"Қаза тапқан революциялық көшбасшының жұбайы тірі. Бұған дейін оның қайтыс болғаны туралы жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді", – деп жазылған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью