Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
— 80-жылдармен салыстырғанда Тәуелсіздіктің арқасында қазақ тілінің қолдану аясы кеңейіп, психологиялық тұрғыда өзімізді еркін сезінеміз. Тәуелсіз мемлекеттің мемлекет құраушы ұлты екенімізді түсінеміз. Соған сәйкес, тіліміз де дамып келеді. Терминком оқтын-оқтын жұмысын баяндап қояды. Өткенде 140 мың термин бекітті деген ақпарат оқығанымда таң қалдым. Кейін түсіндім, «микрофонды» микрофон деп жазса, біреу деп есептеген сияқты. Әйтпесе, 140 мың көп қой. Мұндай халықаралық тәжірибеде бар, бір терминді сол қалпында пайдаланады, — деді Әлихан Байменов.
Оның пайымдауынша, бір затқа, құбылысқа жаңа атау беру — ұлт тілінің тірлігінің негізі.
— Сондықтан да көшелерге, елді мекендерге адамдардың атын беруге мораторий жариялау керектігін айтып жүрмін. Біреудің атымен қойылған көшеден гөрі, Өр көше, Ылди көше, Көлеңкелі көше, Шуақты көше, Шиелі көше, Аршалы көше деген ұлтымыздың берген атауы болар еді. Сипаттау болар еді. Қазір сол сипаттау қабілетімізден айырылып қала жаздап отырмыз, — деді комитет төрағасы.
Бұған дейін Бәйменов мемлекеттік грантты мәселені шешуге не қоғамдық ұйымды қол балаға айналдыруға жұмсауға болатынын айтты.