Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл: Астанада Алаш ардақтыларына тағзым етілді

05.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алаш қозғалысынның құлабызы, көрнекті мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толып отыр. Ол ғасыр ғадауатында азаттық аңсап, туған елінің саяси тұтастығы мен бекемдігі үшін қаны мен жанын құрбан етті. Жұртының мұрасын түгендеп, мұратын айқындады. Алаш ұғымын елдік һәм мемлекеттік рәмізге айналдырған тұлғаның құрметіне Астанадағы зиялы қауым Әлихан, Ахмет және Міржақып ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Ерлан Омар (EQ)

Салтанатты іс-шараға филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбай қатысып, Алаш руханияты туралы сөз сөйледі.

«Әлихан Бөкейхан және ол түйіндеп берген идея нәтижесінде қазақтың тәуелсіздік нысанасы бекіді. Ол қазақтың мүддесіне кешегі күні қызмет еткен, бүгін де, ертең де қызмет ете береді. Ұлт көшбасшысының өмірі мен шығармашылығына байыпты көзқарас, сындарлы зерттеу әлі де қажет. Жұрт ісінде жұмылатын жастар барда Әлекеңнің тіккен туы қашанда биік болады», деді Т. Жұртбай.

Расында, Әлихан Бөкейхан батқан күннің шұғыласынан емес, атар таңның шапағынан көп үміт күтті. Оқыған жастарға сенім артып, ел келешегін солардың білім-білігі мен азаматтық жауапкершілігіне тапсырды. «Біз – суды теріс ағызған атаның баласымыз» деп әруақты бабаларға иық тірей отырып, «алда әлі күнді көре білетін ұрпақ келеді» деп ертеңге елжірей қарайды. Салтанатты рәсімде алаштанушы, профессор Айгүл Ісмақованың да сөзі осы ойды қуаттады.

«Біз бейбіт халықпыз. Сонымызбен басқаға үлгі көрсетіп келеміз. Адамдық мұратты бәрінен жоғары қоятын толерантты, зайырлы мемлекет – елдің бақыты. Мұның басында Әлихан Бөкейхан тұжырымдаған Алаш идеясы тұр», деді А. Ісмақова.

Тағылымды іс-шарада Алаш ардақтыларына тағзым етіліп, әруақтарына құран бағышталды.

Соңғы жаңалықтар

Айыппұл арқалап жүрмеңіз: Алматы – Астана тасжолында жаңа камералар іске қосылды

Қоғам • Бүгін, 14:50

Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтардың кезекті легі елге аман-есен жеткізілді

Саясат • Бүгін, 14:40

Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл: Астанада Алаш ардақтыларына тағзым етілді

Тұлға • Бүгін, 14:30

Шымкенттегі 4 адамның өлімі: Мамандар қайғылы оқиғаның алдын ала себебін атады

Оқиға • Бүгін, 14:17

Щучинсктегі өрт: Дәмхана иесі екі айға қамауға алынды

Оқиға • Бүгін, 14:00

Иранның дроны Әзербайжан аумағына құлады: Шекараға әскер топтастырылып жатыр

Әлем • Бүгін, 13:50

Телеграмда скинхедтер чатын құрған жасөспірім жазаланды

Оқиға • Бүгін, 13:45

АҚШ-тың Ирандағы мектепке жасалған шабуылға қатысы бар ма?

Әлем • Бүгін, 13:43

Атыраудағы қылмыс: Индонезияда ұсталған күдіктілер елге қашан жеткізіледі?

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 13:31

Өмір сүру сапасы рейтингі жарияланды: Қазақстан қаншасыншы орында тұр?

Қазақстан • Бүгін, 13:20

8 наурыз мерекесіне орай Астанада қандай іс-шаралар өтеді?

Елорда • Бүгін, 13:06

«Сусағанның түсіне су кіреді»: Әлихан Бөкейханов қазақ қоғамының саяси бейнесін қалай сипаттады?

Тарих • Бүгін, 12:55

Иранда жұмыс істеп жүрген 34 отандасымыз эвакуацияланды

Саясат • Бүгін, 12:48

Төрт бірдей туысын өлтірген күдіктінің бұрын сотты болғаны белгілі болды

Оқиға • Бүгін, 12:25

Терезеден сығалап, мазасын алған: Атырау облысында сталкинг туралы жаңа бап негізінде үкім шықты

Аймақтар • Бүгін, 12:17

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью