Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Сенат азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы конвенцияға өзгерістер енгізілетін хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жоғары палата депутаты Евгений Больгерттің айтуынша, Қазақстанда алиментті өндіріп алу бойынша сот бұйрығы шығарылады. Ал ТМД елдерінде ондай құжат қолданылмайды.
"Соның салдарынан басқа мемлекеттерде сот бұйрықтары орындалмай жатады. Бүгінгі заңмен конвенциямен танылатын және орындалуға жататын сот актілерінің қатарына алимент өндіріп алу туралы сот бұйрықтары енгізіліп отыр. Осының арқасында сот бұйрықтары ТМД аймағында да орындалатын болады", - деді Больгерт сенатта өткен брифингте.
Айта кетері, бүгін әділет министрлігі алименттен шетелге қашып кеткен қазақстандықтардың қарызын жариялады.