Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатында сегізінші жарыс күнінде екінші отандасымыз шаршы алаңға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
57 келідегі Алина Құдайгенова 1/8 финалда Мейра Алвеспен (Бразилия) күш сынасып, 5:0 есебімен мерейі үстем болды.
Алғашқы раундтан-ақ жерлесіміз соққы алмасу барысында жылдамдық танытып, әр сәтті өз еншісіне жазып отырды. Нәтижесінде 3 раундта да Алина өзінің мықты екендігін дәлелдеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.