Әлішер Жұмақан велотректен Словакиядағы турнирде күміс жүлдегер атанды

09.06.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстандық Әлішер Жұмақан Прешов қаласында (Словакия) өткен тректегі велоспорттан Гран-при сериясының турнирінде күміс жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ұлттық құраманың өкілі «скрэтч» дисциплинасында екінші нәтиже көрсетті.

Бірінші орынды Польша спортшысы Дамиан Славэк иеленсе, түркиялық Мұстафа Таракчи мәре сызығын үшінші болып кесті.

Айта кетейік, Жұмақан биыл Гонконгта өткен Әлем кубогы кезеңінде омниум сайысында тоғызыншы орын алған болатын.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью