Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай «Әлия Молдағұлова. Өшпес ерлік» атты энциклопедиялық жинақ жарық көрді. Кітаптың салтанатты тұсаукесеріне Сенат депутаттары Амангелді Нұғманов пен Амангелді Есбай қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Сенатор А.Нұғманов сөзінде батыр қыздың өмір жолы мен ерлігі Тәуелсіз еліміздің ұрпақтарына адамгершілік пен намыстың бағдары екенін атап өтті. Оның есімі елді мекендер мен көшелерге, мемориалдар мен естелік орындарға беріліп, мәңгілікке ұлықталған. Ал Әлияның жарқын бейнесі әдебиет пен өнерде көрініс тауып, халық жүрегінде мәңгілік рухани құндылық ретінде сақталып келеді.
Қобда ауылында Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы дүркіреп өтті
«Әлия Молдағұлованың өмір жолы мен ерлігі − Тәуелсіздік ұрпақтары үшін мәңгілік сабақ. Батырдың құрметіне Ақтөбе облысындағы ауыл, Астана мен еліміздің басқа да қалаларындағы көшелер аталды, сондай-ақ оның есімі Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында да мәңгілікке айшықталған. Батыр қаза тапқан жерде мемориалдық кешен бой көтерді, ал оның жарқын бейнесі әдебиет пен өнер туындыларында көрініс тапты», деді сенатор.
Бұл еңбекте батырдың Ленинградтағы оқу жылдары, майдандағы ерлігі, замандастары мен қаруластарының естеліктері, туған-туыстарының әңгімелері жинақталған. Сондай-ақ жинаққа Әлия Молдағұлованың есімі берілген көшелер, білім беру және мәдениет нысандары, ескерткіштер туралы мәліметтер, сонымен қатар батыр бейнесін жырға қосып, өнер туындыларына арқау еткен ақын-жазушылар мен суретшілердің шығармалары енген.
«Ғасырларға жалғасқан ерлік» республикалық форумы Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды
Айта кетейік, энциклопедиялық жинақтың авторлары − сенатор Амангелді Нұғманов пен тарих ғылымдарының докторы Абай Тасболатов.
Соңғы жаңалықтар
Көкшетауда заңсыз балық аулаған 400 адам айыппұл арқалады
Қоғам • Бүгін, 15:52
«Әлия Молдағұлова. Өшпес ерлік»: Батырға арналған энциклопедиялық жинақ жарық көрді
Өшпес даңқ • Бүгін, 15:40
Атыраулықтарға келтірілген алаяқтық шығыны 1,2 млрд теңгеге жетті
Аймақтар • Бүгін, 15:38
Қаңтардағы ҰБТ: 65 талапкердің нәтижесі жойылды
Білім • Бүгін, 15:30
Президент: Деструктивті ақпарат таратқандарды жауапкершілікке тарту қажет
Президент • Бүгін, 15:19
Тоқаев шетелдіктердің жүріс-тұрысын бақылайтын техникалық құралдарды жетілдіруді тапсырды
Президент • Бүгін, 15:18
Мемлекет басшысы: Құқық қорғау жүйесін цифрландыру жүйесіз жүргізіліп жатыр
Президент • Бүгін, 15:12
Биыл қыста Алматы тауларында бес адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:08
Алаяқтық тыйылмай тұр: Жеке кәсіпкер жазықсыз жаза арқалады
Аймақтар • Бүгін, 15:02
«Теңіз» кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды
Экономика • Бүгін, 14:48
Президент: Прокуратура қызметкерінің заңның бұзылуына селқос қарауға құқығы жоқ
Президент • Бүгін, 14:46
TikTok жұлдызы Хаби Лейм өзінің ЖИ-сыңарын 975 миллион долларға сатты
Әлем • Бүгін, 14:43
Серік Сәпиев басынан өткен жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 14:34
Семейдегі онкологиялық орталық заманауи жабдықтармен толықты
Аймақтар • Бүгін, 14:20
Жалған табыс уәде еткендер Бурабай тұрғынын тақырға отырғызды
Оқиға • Бүгін, 14:11