Әлия Молдағұлова туралы кітап жарық көрді

23.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақтың қайсар қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова туралы тың деректерге толы «Өшпес ерлік» атты энциклопедиялық кітап жарық көрді.

Бүгін елордада батырдың 100 жылдығына орай кітаптың тұсаукесері өтті. Жаңа туындыда батыр қыздың майданда жазған хаттары мен сирек фотосуреттері ұсынылған. Еңбекте Әлияның балалық шағы мен майдан даласындағы ерлігі жан-жақты баяндалып, оның есімімен аталатын көшелер, білім беру және мәдениет нысандары мен ескерткіштер туралы мәліметтер қамтылған. Сондай-ақ жинаққа батыр бейнесін арқау еткен ақын-жазушылар мен суретшілердің шығармалары енген. Іс-шараға Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, әскери сала ардагерлері мен жас сарбаздар қатысты. Автордың айтуынша, кітап батыр қыздың ерлігін ұлықтауға және жас ұрпақтың бойында отансүйгіш рухты қалыптастыруға бағытталған. 1000 данамен басылып шыққан жинақ кітапханаларға таратылады.

Амангелді Нұғманов, кітап авторы, ҚР Парламент Сенатының депутаты:

- Осы жүз жылға толғанша тағы да қаншама қосалқы деректер пайда болды. Тума туыстары табылды, немере-шөберелері табылды. Сондай бүкіл барымызша осы жүз жылдыққа жинаған еңбегіміздің барлығын осы кітапта көрсетуге тырыстық. «Өшпес ерлік» деп жаздық қой бұл кітапты. Бұл кітаптың аты затына сай болуы керек сондықтан да бұған екі жылдай дайындық болады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью