Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Әнші Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуін кешіргенін айтып, жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесінің айтуынша, бұрынғы күйеуі кешірім сұрап, ұлына қамқор болатынын жеткізген.
«Махаббат… Екі ай бұрын Арыстанды алиментке бердім. Ал бүгін ол маған өзі хабарласты… Өткен-кеткенге кешірім сұрады… Балаға әке болып, қамқор боламын деді… Толық шығынын өз мойнына алатынын айтты… Алименттен алып тастауымды өтінді… Кештім… Алла үшін… Ұлым үшін… 10 жылға созылған тұман сейілгендей… Жақсы ата-ана болуға тырысамыз деп шештік. Өмірімнің әрбір сәтін менімен өткеріп жүрген тілеулестерім, сіздерге рақмет!» - деді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.