Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Отандық Allur автокөлік компаниясында жас қызметкерлердің бастамалары нақты қолдау тауып, жүзеге асып келеді. Жастарды бизнес және әлеуметтік жобаларға тартуға бағытталған Allur Zhastary бағдарламасы аясында волонтерлік қозғалыс құру ұсынылды. Компания басшылығы бұл бастаманы қолдап, нәтижесінде жұмысшы жастарды қоғам дамуына нақты үлес қосуға біріктіретін «Еңбек Жастары» қозғалысы пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл идея біртіндеп қалыптасып отыр. Allur жас мамандары бірнеше жылдан бері өз бастамаларымен сенбілік ұйымдастырып, оқушыларға жұмысшы мамандықтар туралы айтып, жергілікті экологиялық акцияларға қатысып келген. Бүгінде бұл бастамалар жаңа деңгейге көтеріліп, «Еңбек Жастары» атты бірыңғай ауқымды платформаға біріктірілді.
Қозғалыстың іске қосылуы Қазақстанда волонтерліктің қоғамдық институт ретіндегі рөлі күшейіп келе жатқан кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл бағыт ел дамуының конституциялық логикасында да көрініс табады. Яғни азаматтардың ынтымақтастыққа, өзара көмекке және азаматтардың маңызды міндеттерді шешуге белсенді қатысуына басымдық беріледі.
Бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен еңбекке құрмет, азаматтық белсенділік және әр азаматтың ел дамуына қосатын жеке үлесінің маңыздылығы жөніндегі ұстанымдармен үндес. «Еңбек Жастары» «Таза Қазақстан» құндылықтарымен сабақтасады – таза орта, саналы азамат, нақты іс. Сонымен қатар халықаралық контекстте де маңызға ие: Қазақстанның бастамасымен БҰҰ 2026 жылды Волонтерлік жыл деп жариялады, бұл азаматтық белсенділік пен өзара көмек мәдениетінің өзектілігін айқындайды.
Бүгінгі таңда қозғалыс Allur және Agromash өндірістік кәсіпорындарының жұмысшы және инженерлік мамандық иелерін қоса алғанда шамамен 300 адамды біріктіріп отыр. Алдағы уақытта бұл бастама аталған құндылықтарды бөлісетін жаңа қатысушылармен толығады.
Қозғалыс аясында алғашқы бастама ретінде Қостанай облысындағы Аманқарағай ауылында жаппай орман өртінен зардап шеккен аумақта ағаш отырғызу акциясы жарияланды. Жобаны жүзеге асыру үшін «Еңбек Жастары» қатысушылары бір күндік жалақыларын бағыттайды. Осылайша қозғалыс алғашқы қадамдарынан бастап нақты әрекет форматын қалыптастырып отыр: жеке үлес – нақты іс. Бұл туралы қозғалыс мүшелері атап өтті.
«Біз сырттай бақылаушы болғымыз келмейді. Бұл – біздің өңіріміз, сондықтан оның дамуына өзіміздің қатысқанымыз маңызды. Нақты, қолымыздан келетін дүниелерден бастаймыз. Жоспар көп. Басшылықтың жұмыс уақытынан тыс бастамаларымызды қолдауға дайын екендігі бізге үлкен серпін берді. Енді одан да көп іс жасауға ынта пайда болды. Экологиялық жобалар, қоғамдық кеңістіктерді дамыту бойынша идеяларымыз бар. Сонымен қатар оқушылармен жұмысты жалғастырып, жұмысшы мамандықтардың құндылығын насихаттаймыз. Енді бұған көбірек баланы қамти аламыз», деді Allur зауытының машина-контактілі дәнекерлеу учаскесінің дәнекерлеушісі Диас Беріков.
«Еңбек жастары» қозғалысының Қостанайдан бастау алуы кездейсоқ емес. Бұл – елдің маңызды индустриялық орталықтарының бірі. Дәл осы жерден жаңа бағыт қалыптасып отыр: еңбек – саналы таңдау, ал қоғам игілігі үшін еңбек ету – жаңа буынның қалыпты құндылығына айналып келеді.
«Біз зауыт қызметкеріміз. Осында өстік, осында жұмыс істеп келеміз. Тек ресми жұмыспен шектелмей, қоғамға ортақ үлкен дүние жасағымыз келеді. Адамның табиғаты солай ғой: қолыңнан іс келсе, оны қажет жерге қолданғың келеді. Біз өзімізді «волонтер» деп шектемейміз. Ең алдымен еңбек адамымыз, бірақ еңбекті басқа қырынан да көрсетуге болады деп шештік. Ал басшылық бізді қолдады», деді Agromash зауытының персоналды басқару және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бөлімінің бас маманы Томирис Сексенбаева.
Қозғалыстың жеке бағыты ретінде жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру көзделіп отыр. Бұл – оқушылармен тікелей кездесулер, өндіріс орындарындағы ашық есік күндері және заманауи зауыттардың шынайы бейнесін көрсететін медиаконтент арқылы жүзеге аспақ. «Еңбек Жастары» өкілдерінің пікірінше, еңбектің беделі ұранмен емес, нақты үлгімен қалыптасады.
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
«Еңбек Жастары» қозғалысы ұзақ мерзімді бастама ретінде қарастырылып отыр. Оның мақсаты – жұмысшы жастар арасында тәжірибелік қатысу мәдениетін және әлеуметтік жауапкершілікті дамыту. Қатысушылар жобаның бір реттік акция емес екенін, ол жаңа бағыттармен кеңейіп, өңір кәсіпорындары қызметкерлерінің қатысуымен әрі қарай дамитынын атап өтеді.
Соңғы жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы IBF рейтингінен тыс қалды
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 14:42
Жылдамдықты 59 рет асырған: Астанада Porsche жүргізушісі қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 14:34
Көркем гимнасшылар Ташкентте күміс алды
Спорт • Бүгін, 14:18
Олжас Бектенов: Шағын авиацияның әуе кемелерін сатып алу ісінде кемшіліктер бар
Үкімет • Бүгін, 13:57
«Қазсушар» филиалдарына 130 жаңа мотоцикл берілді
Қоғам • Бүгін, 13:31
«Келешек мектептері»: Елімізде 217 заманауи білім ошағы ашылды
Білім • Бүгін, 13:18
Премьер-министр теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алды
Логистика • Бүгін, 13:01
Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Елімізде қар жауып, күн күрт суытады
Ауа райы • Бүгін, 12:42
Бибісара Асаубаева «Үміткерлер турнирінде» үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:30
«Таза Қазақстан»: Орманшылар оқушылармен бірге ағаш екті
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:20
Атырауда дарынды балаларға арналған спорт мектебі салынып жатыр
Спорт • Бүгін, 12:12
Аттестация жүйесіндегі өзгерістер: Тест тапсырып үлгермегендердің санаты сақтала ма?
Білім • Бүгін, 12:02
Астанадағы көпқабатты үйдегі өрт: Зардап шеккен әйелдің жағдайы қалай?
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қажылық сапары: Ел азаматтары үшін қауіпсіз әуе бағыттары ұйымдастырылады
Қоғам • Бүгін, 11:48