Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Алмалы ауылдық округінде дезинсекция жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, зиянкестерге қарсы профилактикалық өңдеу жұмыстарын “AG Disinfection Services” ЖШС жүргізуде.
Қазіргі таңда ауылдағы 56 көшенің 80%-ында дезинсекция толық аяқталған. Әр көшеге екі маманнан бөлініп, улы препараттар топыраққа көміле отырып қолданылады.
– Жұмыстар 26 қарашада басталды. Қазір 10 адамнан тұратын бригада қызмет көрсетіп жатыр. У зиянкестердің қозғалу бағыттары бойынша орналастырылуда. Препараттың құрамында ет пен балықтың иісі бар, бұл кеміргіштердің үйлерге кіруінің алдын алады, – деді компания басшысының орынбасары Гүлсара Худжибекова.
Бұған қоса, әкімдік 150 келі бром-БД (улы бидай) сатып алған. Оның үйдің ішіне және сыртына себуге арналған түрлері тұрғындарға кезекпен таратылып жатыр.
Бүгін, 10:50