Алмас Өтешов ауыр атлетикадан Қызылорда облысы құрамасының тізгінін ұстады

13.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бұл жөнінде облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаевтың бұйрығы шықты.

Алмас Дәулетярұлы Өтешов ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, екі дүркін әлем чемпионаты мен Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы болды. 

Қазірге дейін ол басқармаға қарасты «Мұз айдыны» мекемесінде әдіскер, «Олимпиадалық резерв даярлау орталығы» КММ директорының орынбасары қызметін атқарды. 

Тәжірибелі маман енді облыста ауыр атлетика спорт түрін дамытуға күш салады. Сондай-ақ спортшылардың тұрақты түрде әлемдік додаларға қатысуына, жалпы нәтижесіне жауапты болады. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының тізгінін ұстады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью