Алмасхан Сматлаев Алматы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

16.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл кадрлық шешім Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген.

— Жаңа қызметінде Алмасхан Сматлаев көріктендіру, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және жол мәселелеріне жетекшілік етеді, - делінген хабарламада.

Алмасхан Сматлаев Ресей Федерациясындағы Қаржы университетін «экономика» және «мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандықтары бойынша, сондай-ақ, АҚШ-тағы Блумсберг университетін «халықаралық экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2009 жылы бизнес құрылымдарда бастап, кейін Еуразиялық экономикалық комиссияда жұмыс істеді.

2014-2023 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды, облыс әкімінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары сияқты әртүрлі лауазымда қызмет атқарды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып еңбек еткен.

Еске салайық, 2025 жылғы 18 тамызда Алмасхан Сматлаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью