Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс — алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы мүліктік залал келтіру ((ҚР ҚК 195-бабының 5-бөлігі) фактісі бойынша қозғалған.
— Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — деп хабарлады департамент.
Ал «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Дияр Нүсіпқожанов тергеу Алматы-1 темір жолының жүк бөлімшесінің қызметкерлеріне қатысты жүргізіліп жатқанын нақтылады.
Оның айтуынша, компания ішкі істер органдарына толық қолдау көрсетіп, жүк тасымалы саласында кешенді тексерулер жүргізіп жатыр. 2025 жылдың қыркүйегінде жүргізілген ішкі қызметтік тергеу қорытындысы бойынша жүк бөлімшесі қызметкерлерінің бірімен еңбек шарты бұзылған. Одан бөлек, бірнеше қызметкер мен басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде: жүк пен багаж қабылдап-тапсырушы, «Оңтүстік» филиалы директорының жүк тасымалы жөніндегі орынбасары, Оңтүстік өңірлік учаскесінің бастығы — жүк тасымалын ұйымдастыру бөлімінің бастығы, сондай-ақ жүк бөлімшесінің меңгерушісі бар.
Компания басшысы қазіргі уақытта жүкті рәсімдеу және тасымалдау процестерінің ашықтығын арттыру үшін цифрлық шешімдер енгізіліп жатқанын атап өтті. Қойма штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Еске салайық, бұған дейін Көлік министрлігі Алматы-1 теміржол вокзалының жаңарған жобасын жариялады.