Алматы 1 вокзалында жөндеу жұмыстары қашан аяқталады

16.06.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Көлік министрлігі Алматы-1 вокзалында жөндеу жұмыстары аяқталатын мерзімді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұғановтың айтуынша, премьер-министрдің бірінші орынбасары келіп кеткеннен кейін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы вокзал жұмыстарына 11 млрд теңге төлеп берген. Соның арқасында жұмыс қарқыны күшейді.

"Вокзалды жөндеу жұмыстары жылдың аяғына дейін бітуі керек болған. Енді қазір кестесін қайта қарады, қазан немесе қарашада бітуі тиіс", - деді Келбұғанов үкіметтегі брифингте.

Оның айтуынша, Алматы-1 вокзалын жаңғыртуға барлығы 22 млрд теңге жұмсалады. Бүгінде осы ақшаның жартысы төленіп тұр.

Айта кетері, бүгінде республика бойынша жүздеген вокзал жөнделіп жатыр. Премьер-министр осы жұмыстарды аяқтаудың нақты мерзімін белгілеп берді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью