Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Алматыда тұрғындар Алматы-1 теміржол вокзалы маңындағы автобус аялдамаларының сүрілуіне шағымданды. Жұрт павильондар не себепті алынып тасталғанына және жаңасы қашан пайда болатынына қызығушылық танытты. Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктен мән-жайды білді.
"Кімге кедергі болды?"
Әлеуметтік желі қолданушылары Алматы-1 вокзалы маңындағы аялдамалардың сүрілгеніне шағымданды. Жазба авторы аялдама павильондары орнындағы құрылыс жұмыстары түсірілген видеоны көрсетті.
"Олар кімге кедергі болды? Аялдамалар жақсы еді, оларды қайта жасаудың қажеті жоқ болатын", – деді қала тұрғыны.
Сонымен қатар алматылық әйел жұмыс қашан аяқталып, жолаушылар жаңа аялдаманы қашан пайдалана алатынын сұрады.
Әкімдік не деді?Алматы әкімдігі аялдама павильондары Алматы-1 теміржол вокзалын реконструкциялау және іргелес аумақты абаттандыру аясында алынып тасталғанын түсіндірді.
"Бөлшектелген конструкциялардың орнында вокзалды реконструкциялаудың жалпы сәулеттік тұжырымдамасында көзделген жаңа аялдама павильондарын орнату бойынша монтаждау және дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады әкімдік.
Әкімдік аялдама сақталатынын, бірақ жаңа павильондармен алмастырылатынын атап қтті. Бұл ретте жұмыс мерзімі әзірге аталмады.
Алматы-1 вокзалын реконструкциялау қашан аяқталады?Еске салсақ, Алматы-1 теміржол вокзалы екінші жыл қатарынан реконструкциядан өтіп жатыр. Бұған дейін Tengri Travel құрылыс-монтаж жұмыстарын 2026 жылдың төртінші тоқсанында аяқтау жоспарланғанын анықтаған болатын.
Қалалық жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының қазанның басындағы мәліметі бойынша, нысанның дайындығы 80 пайыз.
Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
2026 жылғы мамыр / Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
2026 жылғы мамыр / Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
2026 жылғы мамыр / Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда
Реконструкция барысында жұмысшылар вокзал ғимаратын, инженерлік желілерді, перрондарды және іргелес аумақты жаңартып жатыр. Жұмыс аяқталғаннан кейін вокзал алаңы шамамен 1 800 шаршы метрге ұлғайып, өткізу қабілеті тәулігіне 10 597 жолаушыға дейін артуы тиіс.
Реконструкцияның алдын ала құны бұған дейін 22 миллиард теңгеге бағаланған болатын.
2026 жылдың сәуірінде премьер-министр Олжас Бектенов теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынап, жұмыстарды биыл аяқтауды тапсырды.
Тағы оқыңыз: Алматы-1 вокзалы: реконструкция қашан аяқталады және қандай уәде берілді?
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу