Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Алматы-2 вокзалы аумағында теміржол көлігінің атмосфераға шығаратын зиянды заттарына мониторинг жүргізілді. Тексеруді “Eco Almaty” ЖШС-нің мобильді экологиялық зертханасы қалалық табиғатты қорғау прокуратурасымен бірлесіп ұйымдастырды.
Өлшеу барысында локомотивтердің газ шығарындылары тіркеліп, бірқатар көрсеткіштердің белгіленген нормадан айтарлықтай асып кеткені анықталды.
Атап айтқанда, көміртегі оксидінің (CO) концентрациясы 17,45 болып шықты, ал рұқсат етілген бір реттік шекті мөлшер 5,0. Бұл көрсеткіш шамамен 3,5 есе жоғары. Сондай-ақ күйе (қара көміртегі) бойынша да асып кету байқалды: концентрациясы 0,528 мг/м³, ал шекті норма 0,15 мг/м³. Бұл да белгіленген деңгейден 3,5 есе артық.
Экологиялық мониторинг нәтижелері Алматы қаласының Экология департаментіне және табиғатты қорғау прокуратурасына жолданды. Құзырлы органдар анықталған заңбұзушылықтарға қатысты тиісті шара қабылдайды.
Тексерулер тұрақты түрде жүргізіліп, атмосфералық ауаның сапасын бақылауға және ластану көздерін анықтауға бағытталған.
Бүгін, 14:58