Алматы 3 теміржол вокзалының құрылысына 52 жер телімі алынады

03.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 2 наурыздағы № 1/1-257 қаулысына сәйкес, Боралдай-Ақсеңгір аралығында Алматы-3 вокзалын салу үшін Алатау ауданында орналасқан 52 жер учаскесін мемлекет мұқтажына алынады. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген.

Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелеріне жер учаскесінің өтемақысын төлейді. Жер учаскелері сатып алынғаннан кейін Алматы қаласы жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының теңгеріміне беріледі.

Еске салайық, былтыр Боралдай — Ақсеңгір аралығында жолаушы және жүк қозғалысын қамтамасыз ету үшін Алматы-3 вокзалын салу жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатқанын жазғанбыз. Қала әкімдігінің мәліметінше, Алматы-3 вокзалының құрылысы мегаполистің көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болмақ. Болжам бойынша жаңа вокзалдан қатынайтын жолаушылар саны 2040 жылға қарай 1,97 млн адамға дейін өседі. Бұдан бөлек жүк айналымы 2030 жылға қарай жылына 620 мың тоннаға жетуі мүмкін.

Сондай-ақ Алматы-1 теміржол вокзалында қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатқаны хабарлағанды. Көлік министрлігі жөндеу жұмыстарынан кейін вокзалдың қандай болатынын көрсетті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью