Алматы әкімдігі көпқабатты автотұрақ жобасынан бас тартты

25.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Былтыр Алматы қаласы жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасына қарасты «Алматы паркинг» мекемесі «Көктем-3» шағын ауданында алғашқы көпқабатты тұрақ салынатынын хабарлады. Ал «Самал-1» шағын ауданында механизацияланған автотұрақ ұйымдастыру жоспарланып отырғаны белгілі болды.

Бір жылдан кейін мекемеге қайта жүгініп, қаладағы автотұрақ мәселесін ішінара шешуге көмектесетін екі жобаның қандай сатыда екенін сұрадық. «Алматы паркинг» жауабы сәйкес, «Самал-1» шағын ауданында жоспарланған ақылы тұрақ жобасы жергілікті тұрғындармен ақылдаса келе тоқтатылған. Ал Бостандық ауданы, «Көктем-3» шағын ауданында жоспарланған 207 орындық көпқабатты тұрақ жобасы әлі де қаралу үстінде.

— Одан бөлек қалада көпқабатты автотұрақ салу жоспарда жоқ. Жаңа жобалар пайда болған жағдайда қосымша жарияланады, — делінген жауапта.

Ақылы автотұрақ саны мен бағасы

Жалпы қазір қалада 17 825 коммуналдық ақылы автотұрақ бар. Олардың саны 2025 жылдың ішінде көбеймеген. Аудандар бөлінісінде:
* Алмалы ауданы — 5363;
* Бостандық ауданы — 787;
* Әуезов ауданы — 60;
* Медеу ауданы — 5102;
* Түрксіб ауданы — 290;
* Жетісу ауданы — 3494;
* Алатау ауданы — 2637;
* Наурызбай ауданы — 92.

Күн сайын ақылы тұрақтардың жұмысын арнайы 15 көлік бақылайды.

— Кәсіпорын қаладағы тұрақтарды ақылы етуді көздемейді. Ақылы тұрақтар көлік ағыны мен көше-жол желісіндегі ахуалға қарай ұйымдастырылады, — деп түсіндірді мекеме.

«Алматы паркинг» мәліметінше, мегаполистегі тегін автотұрақтардың нақты саны белгісіз. Себебі жол ережісі бойынша тоқтауға тыйым салатын жол белгісі болмаса, көлікті жолдың оң бойына қоюға рұқсат етілген.

Сондай-ақ мекеме әзірге тұрақ бағасын арттыру жоспарда жоқ екенін атап өтті

— Мамандар бағаны сараптау жұмысарын жүргізіп отырады. Бағаны өзгерту жоспарланған жағдайда БАҚ арқылы хабарланады, — деп нақтылады «Алматы паркинг» баспасөз қызметі.

Еске салайық, Сайран көлі маңында автұрақтардың аздығына байланысы жауап берген Алматы әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев қала тұрақ санын керісінше қысқартуға бағдар алғанын айтты.

Бұған дейін Алматы тұрғындары Көктөбедегі автотұрақ бағасының көтерілгеніне наразылық білдірді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью