Алматы апорты Еуропа нарығына шығады

22.02.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Қазақстанның символы саналатын Алматы апорты шетел нарығына шығарылады. Сауда және интеграция министрлігіне қарасты «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен Алматы апортын өндірушілер қауымдастығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жақында Германияда өткен Grüne Woche 2026 халықаралық көрмесіне қатысқан қауымдастық, апортқа еуропалық серіктестердің қызыққанын айтты. Тек алма емес, одан жасалған өнімдер де еуропалықтардың назарына іліккен.

Бүгінде Алматы апортын өндірушілер қауымдастығына 8 шаруашылық кіреді. Жыл сайын олар 1500-2000 тонна өнім өндіреді. Әзірге экспорт көлемі төмен. Сондықтан жаңа меморандум тұрақты экспорт жүйесін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. 

Қауымдастық президенті Роман Сафаровтың айтуынша, Берлиндегі көрмеге сауда саясатын дамыту орталығының шақыруымен қатысқан.

«Апорттың басты ерекшелігі оның табиғатында. Бұл жаппай өсірілетін, ұзақ сақтауға арналған сорт емес. Апорт ірі, дәмі қанық, хош иісі ерекше болып келеді. Біздің алма бақтар теңіз деңгейінен 850 метрден жоғары орналасқан. Алманың дәміне таулы аймақтың климаты әсер етеді», дейді Роман Сафаров.

Берлинде өткен көрме апорттың экспорттық әлеуетін нақты көрсетті. Әсіресе, қосылған құны жоғары өңделген өнімдерге қызығушылық басым болған. Олардың қатарында пастила, алма чипсы, шырын, сірке суы және кептірілген алма бар.

«Алматы апорты географиялық көрсеткіш ретінде тіркелген. Бұл мәртебе оның табиғи ерекшелігін қорғайды. Алматының тау бөктеріндегі топырақ, таза су және температура өнім сапасын қалыптастырады. Географиялық көрсеткіш брендті шетелде премиум өнім ретінде ілгерілетуге мүмкіндік береді», дейді сауда саясатын дамыту орталығның бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров.

Алмалықтағы апорт бағы

Меморандум аясында Сауда және интеграция министрлігіне қарасты QazTrade ұйымы апорт өндірушілерді сыртқы нарықта сүйемелдейді. Халықаралық көрмелерге қатысу, келіссөз жүргізу және серіктес табу бағытында қолдау көрсетеді. Жүйелі жұмыс арқасында апорттың географиясы кеңейіп, қосылған құны жоғары ұлттық брендке айналады деп болжанып отыр.

Апорттың бәсі артады

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?

Қазақстан • Бүгін, 09:40

22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды

Қаржы • Бүгін, 09:15

Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады

Ата заң • Кеше

Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл

Ата заң • Кеше

Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты

Ата заң • Кеше

Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды

Ата заң • Кеше

Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті

Олимпиада • Кеше

Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор

Ата заң • Кеше

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция еліміз қайда бара жатыр және Қазақстан болашақта қандай болады деген сұраққа жауап береді

Ата заң • Кеше

Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

Спорт • Кеше

Адам құқығы – басты назарда

Ата заң • Кеше

Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Президент • Кеше

Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

Тағайындау • Кеше

Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды

Ата заң • Кеше

Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады

Аймақтар • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью