Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Алматылықтар әлеуметтік желілерде бұл ерекше көріністің видеосын жарыса бөлісіп жатыр.
Осы кезде тау жақта желдің екпіні күшейген.
Кейбір үйдің шатырындағы шиферлер ұшып кеткен. Сонымен бірге Шымбұлаққа апаратын жолға шырша құлап, қозғалыс уақытша шектелген. Желдің екпіні аспалы жолды да қатты тербетіп, куәгерлердің зәресін ұшырған.
Бұл ерекше табиғи құбылыстың видеосы мен суреті қаланың әр ауданынан тарап жатыр.
Видеодан алынған скринТұрғындар оны әртүрлі бұрыштан түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған.
Көпшіліктің айтуынша, қалың қара бұлт мен дауыл қала үстін санаулы минуттың ішінде тегіс бүркеп алған.
кадр из видеоРедакция бұл құбылыстың мән-жайын нақтылау үшін қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сауал жолдады.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 21 ақпан күні бүкіл Қазақстан бойынша қар жауып, тұман басып, бұрқасын болатынын болжаған еді.