Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Алматыда куәгерлер үйлердің төбесінен көтерілген қою қара түтінді видеоға түсіріп алды. Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала тұрғындары редакцияға қою қара түтін бейнеленген фото мен видеоларды жолдады.
Tengrinews.kz оқырмандарының фотосы
Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, Жетісу ауданы Тобаяқов көшесіндегі қоймадан өрт шыққан. Тілсіз жауды ауыздықтау жұмыстары шақыртудың жоғарылатылған дәрежесі бойынша жүргізіліп жатыр.
Оқиға орнында өртті жою бойынша жедел штаб құрылды. Өртті оқшаулау және оттың таралуына жол бермеу мақсатында бірнеше сөндіру учаскесі ұйымдастырылды.
Еске сала кетейік, 11 тамызда таңертең Алматының Алатау ауданындағы "Манхэттен" тұрғын үй кешені маңында өрт шыққан еді.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Алматыда Яссауи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Кеше 18:39 1
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу