Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкіметте өткен брифингте Алматы халықаралық әуежайы ғимаратының шатыры нөсер жауынға толық есептелмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Еске салсақ, 3 мамыр күні әлеуметтік желілерде әуежайдың төбесінен сорғалап су ағып жатқан сәттің видеосы тараған болатын. Нөсер салдарынан тексеру және паспорт бақылау аймақтарын су басып, терминал маңындағы аумақ та зардап шеккен еді.
Министрдің айтуынша, шатыр жобаланған кезде су жүктемесі 230 литр көлемінде есептелген. Алайда жауын-шашын мөлшері күткеннен әлдеқайда көп болған.
«Жоғарғы бөлікте үлкен суағар бар, ол кәдімгі үлкен арық секілді. Егер ол толып кетсе, жан-жағындағы ашық бөліктер арқылы су сыртқа ағуы керек. Бірақ жаңбыр өте қатты болғандықтан, су ішке қарай кеткен», деді Сауранбаев.
Оның сөзінше, әуежай нысаны жеке меншікке тиесілі және барлық жөндеу жұмыстарын әуежай басшылығы өз мойнына алған.
Министр сондай-ақ әуежай иесі Groupe ADP-ның құрамына кіретінін атап өтті. Бұл компания Париж әуежайы нысандарына да иелік етеді. Сондықтан Алматыдағы жағдай компания беделіне де әсер еткен.
«Қазір бұл мәселе бойынша үлкен талқылаулар жүріп жатыр. Компания жыл соңына дейін жүйені толық түзету міндетін алды. Суағарларға қосымша су бұру арналары орнатылады», деді министр.
Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, жөндеу жұмыстары жақын арада аяқталуы тиіс. Ол сол күні қаладағы өзге ғимараттар да су астында қалғанын айтты.
Айта кетейік, Алматы әуежайында 11 келі есірткімен шетелдік ұсталған болатын.
Жылдың басында Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге сомасында заңбұзушылықтар анықталды.
Соңғы жаңалықтар
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 17:37
Алматы әуежайын су басты: Министр түсініктеме берді
Алматы • Бүгін, 17:30
Футболдан Әлем чемпионатын қайдан көруге болады?
Футбол • Бүгін, 17:25
Аида Балаева: Мәдениет саласы креативті индустриялардың қозғаушы күшіне айналды
Форум • Бүгін, 17:15
Алматы полициясы тренингте балағат сөз айтқан коучты жауапқа тартты
Оқиға • Бүгін, 17:14
Алматы облысындағы қанды оқиға: Марқұмның туыстары ауыр қылмысты қайта қарауды талап етті
Оқиға • Бүгін, 17:10
Ақмолада алаяқтарға алданған кәсіпкер 24 млн теңгесінен айырылды
Заң • Бүгін, 17:02
Президент ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директорын Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:53
Тынысы тарылған Әйтей: Қоқыс полигонының мәселесі қашан шешіледі?
Экология • Бүгін, 16:50
Элунду Лазар: Алтын Орда – мәдениетаралық диалог пен мәдени әртүрліліктің тарихи үлгісі
Тарих • Бүгін, 16:41
Ирада Аюпова: Қазақстан мен Татарстан – түркі халықтарының өркениеттік синтезінің үлгісі
Тарих • Бүгін, 16:37
Қазақстанда алғаш рет Алтын Ордаға қатысты халықаралық архив құжаттары ұсынылды
Тарих • Бүгін, 16:32
ҰБТ жүйесі қашан және қалай өзгереді?
Білім • Бүгін, 16:22
Мұхтар Әуезовтің 1950 жылы тоғызқұмалақ ойнап отырған суреті табылды
Әдебиет • Бүгін, 16:20
Президент: Теңге атауы ұлыстың «данг» сөзінен тамыр тартады
Президент • Бүгін, 16:13