Алматы әуежайында ертең антитеррорлық оқу жаттығу өтеді

16.10.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабының мәліметінше, 17 қазанда сағат 08:00–ден 15:00–ге дейін Майлин көшесі, 2 мекенжайында орналасқан Алматы қаласының халықаралық әуежайы аумағында жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өтеді. Іс-шара барысында әуе және автокөлік қозғалысына шектеу қою қарастырылмаған.

— Оқу-жаттығулардың мақсаты — көлік инфрақұрылымы нысандарында терроризм актісінің алдын алу және оны тоқтату тетіктерін жетілдіру. Азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз. Сондай-ақ ресми ақпарат көздеріне сүйеніп, жалған ақпарат таратпау қажеттігін ескертеміз, — деп хабарлады штабтан.

Алматы полициясы ӘҚбК-нің 443-бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Еске салайық, бұған дейін ТМД терроризм және экстремизммен күресу жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасын қабылдады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью