Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету кезінде өрт шығып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Air Astana.
"Техникалық қызмет көрсету жұмыстары барысында шағын аумақта өрт болды. Оны әуежайдың жедел қызметтері дереу сөндірді. Air Astana тобының қызметкері жарақат алып, оған медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол ауруханадан шығарылды", – дейді әуе компаниясы.
Оқиға кезінде әуе кемесінің бортында жолаушылар да, экипаж мүшелері де болмаған.
Қазіргі уақытта әуе кемесіне қаншалықты зақым келгені анықталып жатыр. Қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ұшақ пайдаланудан уақытша шығарылды.