Алматы әуежайында ірі мөлшердегі есірткімен шетелдік азамат ұсталды

04.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп есірткінің ірі партиясын әкелу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп есірткінің ірі партиясын әкелу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Бангкок – Алматы рейсі ұшып келгеннен кейін 20 жастағы шетелдік азамат ұсталды. Жеке тінту кезінде күдіктіден жалпы салмағы 11 келіге жуық гашиш майы құйылған 12 пластик ыдыс тәркіленген.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабымен қылмыстық іс қозғалған. Бап санкциясында мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалған.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов жыл басынан бері Қазақстан аумағына есірткіні контрабандалық жолмен әкелудің 57 дерегінің жолы кесілгенін атап өтті.

ОБСУЖДАЕТСЯ СЕЙЧАС

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

19 сәуір 22:47 1

Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды

29 сәуір 08:10 1

Министр Қазақстандағы курьерлер мен такси жүргізушілері үшін алаңдатарлық болжам айтты

27 сәуір 18:41 1

Еске сала кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінде ҰҚК Алматыда салмағы 13 тонна 183 келі болатын республика тарихындағы ең ірі кокаин партиясы тәркіленгенін хабарлаған болатын болған. Жүк Қазақстан арқылы үшінші елдерге транзитпен өтуі тиіс болған.

30 сәуірде Түркияның екі азаматына қатысты сот талқылаулары тоқтатылды. Прокурор істі қадағалау органына қайтару туралы өтініш білдірді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью