Алматы әуежайында шетелдік туристерге сыйлықтар берілді

21.09.2026

Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Қала күніне орай Алматы халықаралық әуежайында шетелдік туристерге арналған арнайы қарсы алу бағдарламасы ұйымдастырылды, деп хабарлады қалалық әкімдік.

© Photo : Алматы қаласының әкімдігіАлматы әуежайында шетелдік туристерге сыйлықтар берілді

Алматы әуежайында шетелдік туристерге сыйлықтар берілді

© Photo : Алматы қаласының әкімдігі

"Қонақтарды ұлттық киім киген батырлар мен хостестер қарсы алды. Туристерге қала нышандары бейнеленген сыйлықтар – мерекелік безендірілген Алматы апорты мен қаланың көрікті жерлері бейнеленген кәдесыйлар табысталды", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, әуежайда тақырыптық фотоаймақ жұмыс істеді. Қонақтар ұлттық образдағы бағдарлама қатысушыларымен бірге суретке түсіп, сол жерде басып шығарылған фотосуреттерді естелікке алды.

© Photo : Алматы қаласының әкімдігіАлматы әуежайында шетелдік туристерге сыйлықтар берілді

Алматы әуежайында шетелдік туристерге сыйлықтар берілді

© Photo : Алматы қаласының әкімдігі

Акция Қала күніне арналған мерекелік бағдарламаның бір бөлігіне айналып, шетелдік туристерге қалаға келген алғашқы сәттен-ақ Алматының мәдениетімен және оның нышандарымен танысуға мүмкіндік берді, дейді әкімдікте.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью