Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Оның сөзінше, 2050 жылға дейін есептелген Horizon жобасы аясында әуежайдың келбеті түбегейлі жаңарып, терминалдар жаңғыртылады, жолаушылар қабылдау әлеуеті артып, заманауи сервистер енгізіледі.
Жоба аясында ішкі терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 миллионнан 7 миллион жолаушыға дейін ұлғаяды. Сонымен қатар 1500 орындық жабық көпдеңгейлі автотұрақ салынып жатыр. Жоба бірнеше кезең бойынша жүзеге асырылады.
Фото: Алматы әкімдігі— Жаңа көпдеңгейлі автотұрақ жобасы тұрақ орындарының жалпы санын 2275-ке дейін жеткізеді. Бұл жолаушылар үшін қолайлылық пен қауіпсіздік деңгейін едәуір арттырады, — деді Олжас Смағұлов.
Алматы әкімінің орынбасары қазіргі жұмыстар 2028 жылға дейін жоспарланған бірінші кезең аясында жүргізіліп жатқанын атап өтті. Жобаның жалпы инвестиция көлемі — 362 млн АҚШ доллары.
Сонымен қатар ішкі терминалды қайта жаңғырту жұмыстары 2026 жылғы 11 шілдеде аяқталады. 2027-2028 жылдары транзиттік жолаушылар мен экипаждарға арналған жаңа қонақүй кешені салынады, заманауи көлік және автотұрақ жүйесін қалыптастыру жоспарланған.
Фото: Алматы әкімдігі— Бұған қоса, әуежайдың жаңа деңгейде жұмыс істеуін және халықаралық стандарттарға сай болуын қамтамасыз ету үшін өндірістік, қоймалық және әкімшілік нысандар да салынып жатыр, — деді ол.
Еске салайық, былтыр Алматы әуежайында инвестициялық Horizon жобасы басталғанын жазғанбыз.