Алматы билігі делдалдардан құтылу үшін коммуналдық жәрмеңкелер өткізбек

10.12.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бүгін Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды коммуналдық жәрмеңкелер құруды көздейтін кеңес өткізді, деп жазады Egemen.kz.

Қазіргі таңда бұл жобаның бірнеше сәулеттік, функционалдық шешімдері пысықталып жатыр. Әр ауданда жаңа жәрмеңкелерді орналастыруға арналған орындар белгіленді. Сонымен қатар «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолданыстағы павильондары заманауи талаптарға сәйкес жаңғырту жоспары қатар қарастырылып отыр.

Мұндай бастама делдалдардан бас тартып, фермерлер үшін қолайлы жағдай жасауды көздейді.

Жобаны сарапшылармен бірге, құзырлы мекемелер бірлесе пысықтайтын болады. Тиісті орындар ұсыныс, жобаларды талқылай келе, жәрмеңкелердің оңтайлы форматын, инфрақұрылымы мен орналастыру тәртібін, баға белгілеу тетіктерін ұсынады.

Әкімню қаланың ендігі міндеті – ашық сауда жүйесін қалыптастыру, жергілікті өндірушілерді қолдап, сатып алушылар үшін қолайлы жағдай жасау екендігін алға тартты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью