Алматы блэкауттан кейін қалпына келуде қалада жарық беріле бастады

14.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Алматының кейбір аудандарында электр қуаты беріле бастады. Бұл туралы тұрғындардың өздері айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылықтардың сөзінше, Медеу, Әуезов, Алмалы, Түрксіб, Алатау аудандарында, сондай-ақ Алматы халықаралық әуежайы, Көк базар және Сайран көлі маңында жарық берілген.

Энергетика министрлігі бұған дейін жақын уақытта Алматы мен Қазақстанның басқа да өңірлерінде электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілетінін мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, "KEGOC" АҚ желісі бойынша электрмен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді. Жағдай бақылауда.

Еске сала кетейік, 14 тамызда түстен кейін Алматының әртүрлі аудан тұрғындары электр қуаты өшкені туралы хабарлай бастады. Бұған "KEGOC" АҚ-ға тиесілі 500 кВ әуе электр беру желілерінің апатты жағдайда ажыратылуы себеп болған. Кейін Алматы, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Орталық Азияның басқа елдерінде: Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанда жарық өшкені белгілі болды.

Тағы оқыңыз: “Жарықты Канье өшірді ме?“: Алматыдағы блэкаутқа байланысты қазақстандықтар не деп жатыр?

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью