Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Алматы қаласының Мәдениет басқармасына қарасты Қазақ мемлекеттік циркінің дарынды жас өнерпазы, цирк әулетінің жалғастырушысы, Ж.Елебеков атындағы РЭЦК студенті, 16 жастағы Әли Салаватов Ресейдің Тула қаласында «На языке мира» V Халықаралық балалар мен жастар цирк өнері фестивалінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фотолар: Алматы қаласы әкімдігі
Фестивальге жонглерлер, акробаттар, сайқымазақтар, эквилибристер және цирк өнерінің басқа да бағыттары бойынша көптеген елден 200-ден астам дарынды қатысушылар жиналды.
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, Әли Салаватовтың «Еденге соқпалы доптармен жонглёрлік өнер» атты көркем нөмірі қазылар алқасы мен көрермендерді ерекше шеберлігімен, орындау дәлдігімен және жарқын энергиясымен баурап алды.
«Мен үшін бұл жеңіс – жаңа мүмкіндіктерге жол ашқан ерекше сәт. Қолдаған ұстаздарыма, ұйымдастырушыларға және жанкүйерлерге шын жүректен алғыс айтамын. Алдағы уақытта бұдан да биік асуларды бағындыруға ұмтыламын», дейді жас әртіс.