Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Алматы хайуанаттар бағында көптен күткен қуанышты оқиға болды. Құрбанкүл атты Пржевальский биесі құлындады. Құлынға Желмая деген есім берілді. Бұл - биенің екінші төлі, деп хабарлайды Tengri Life.
Хайуанаттар бағы ақбөкен, ақ аю, ақ иықты субүркіт және Пржевальский жылқысын сақтау бағдарламаларына қатысады. Қызыл кітапқа енген Пржевальский жылқысының төлдеуі - бұл сирек кездесетін түрді келешек ұрпақ үшін сақтап қалуға қосылған нақты үлес, деп атап өтті зообақ өкілдері.
"Сондықтан біздің жылқыларымыз келушілер үшін жабық, тыныштығы бұзылмайтын арнайы аймақта мекендейді. Қазіргі таңда Құрбанкүл, Желмая және үйір басы Мерей мамандардың жіті қарауында бөлек тұрып жатыр", - делінген хабарламада.
Құлынның 14 маусымда туылғаны нақтыланды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Алматы хайуанаттар бағы / Алматинский зоопарк (@almatyzoo) жариялаған жазба
Пржевальский жылқысы - Қазақстанның Қызыл кітабына және Халықаралық табиғатты қорғау одағының (ХТҚО) Қызыл тізіміне енгізілген жабайы жылқылардың ең сирек түрлерінің бірі.
Қазақстанда зообақтар азайса да, рекорд табыс тапқан
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу