Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Фото: Алматы хайуанаттар бағы
Мысық тұқымдасына жататын жыртқыштар Алматыға 6 сәуірде әкелініп, міндетті ветеринарлық бақылаудан өткізілген. Қазіргі таңда олар жаңа ортаға толық бейімделіп, келушілер үшін көрмеге шығарылған.
Сілеусіндердің еркегі – 3 жаста, ұрғашысы – 7 жаста. Олар зообақтағы «леопард шеңбері» деп аталатын ұсақ жыртқыштарға арналған вольер кешеніне орналастырылған.
Канадалық сілеусіндер өз тұқымдастарының арасында үлкендігімен ерекшеленеді. Солтүстік Американың суық климатына бейімделген жыртқышты құлағындағы шашақтары мен қалың жүні арқылы тануға болады.
Мамандардың айтуынша, жануарлар жұбының жаңа ортаға бейімделуі сәтті өтсе, олардан ұрпақ алу мүмкіндігі де қарастырылып отыр. Бұл биологилық түрді сақтауға үлкен мүмкіндік болмақ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин елімізге мемлекеттік сапары аясында төрт Амур жолбарысын сыйға тартқан болатын. Жолбарыстардың аталығына Амур, аналығына Үміт есімі берілді. Ал олардың күшіктері Тұран және Уссури деп аталды.