Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Алматы хайуанаттар бағы ерекше жануарлармен толықты. Енді хайуанаттар бағына келушілер Сальвадор кесірткелерін көретін болады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл алып жануар отаны – Жаңа Гвинея, әрі олар табиғатта әлемнің басқа жерлерінде кездеспейді.
Сальвадор кесірткесі (Varanus salvadorii), кейбір елдерде артеллия, кабарагойя немесе «қолтырауын кесіткесі» деп те аталады. Ол дене бітімінің ірілігімен, қуатты құйрығымен және қолтырауынның терісіне ұқсайтын ерекше терісімен ерекшеленеді.
Қазіргі уақытта он жастан асқан кесірткелер жұбы Индонезиядан жеткізіліп, жаңа ортаға бейімделіп үлгерді.
«Бауырымен жорғалаушылар зообағымызда өздерін жақсы сезінуде. Олар табиғи мекен ету ортасына ұқсатып арнайы жабдықталған террариумға бойларын үйрете бастады. Мұнда жоғары температура мен ылғалдылық сақталған. Кесірткелер бұл жерде өсіп, көбейіп, ұзақ әрі белсенді өмір сүреді деп үміттенеміз», – деді «Экзотариум» бөлімінің жетекшісі, герпетолог Александр Гурнев.
Келушілер осындай ерекше жануарды зообағымыздың «Экзотариум» бөлімінен көре алады.