Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
20 жыл ішіндегі алғашқы төл
Кішкентай жанаттар 27 сәуірде туған. Баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы айларда олар анасымен бірге ұяда болып, сыртқа шықпаған. Белла төлдерін ерекше қамқорлықпен бағып, оларға ешкімді жолатпаған. Қазір күшіктер өсіп, өздігінен қозғала бастағандықтан, үлкен қоршауға шығып, айналаны қызығушылықпен зерттеп жүр.
Төлдердің жынысы әзірге белгісіз, сондықтан оларға есім кейінірек беріледі.
Кішкентай жанаттар немен қоректенеді?"Жыртқыш сүтқоректілер" бөлімінің жетекшісі Гаухар Сергібаеваның айтуынша, жанаттар туған кезде небәрі 60-70 грамм болады және толықтай анасына тәуелді.
"Олар соқыр әрі саңырау күйде дүниеге келеді және алғашқы апталарда толықтай анасына тәуелді болады. Бұл кезеңде тек ана сүтімен қоректенеді. Қазір күшіктер біртіндеп ересек жануарлардың азығына үйреніп келеді. Рационында ет, балық, көкөніс, жеміс-жидек және сүйікті сұлы ботқасы бар", — деді ол.
Фото: әкімдіктің баспасөз қызметі
Жанаттарды қайдан көруге болады?Жанаттар отбасы хайуанаттар бағының керіктер экспозициясына қарама-қарсы орналасқан жыртқыш аңдарға арналған "Леопард" аймағындағы қоршауда мекендейді.
ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
ІІМ ауқымды тексерістер қорытындысын жариялады: мыңдаған шенеунік жазаланды
Бүгін 08:57 2
Тағы оқыңыз: Алматы хайуанаттар бағына Солтүстік Америкадан жаңа жыртқыштар әкелінді
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу