Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Ресми мәліметке сәйкес, зообақта бірден үш төл дүниеге келді. Сұр кенгурулар Лорд пен Ларадан, сондай-ақ Тик пен Линдадан екі төл туған.
Фото: Алматы хайуанаттар бағыФото: Алматы хайуанаттар бағы— Лара алтыншы рет төлдесе, Линда алғаш рет туып отыр. Ал жирен кенгурулар Мартин мен Мартадан тағы бір еркек төл дүниеге келген. Дәстүр бойынша Алматы хайуанаттар бағы жаңа туған төлдерге ат қоюға көпшілікті шақырады. Екі кенгурудың жынысы әлі белгісіз болғандықтан, оларға еркекке де, ұрғашыға да жарасатын әмбебап есімдер ұсынуға болады, — деп хабарлады хайуанаттар бағынан.
Еске салайық, былтыр Алматы хайуанаттар бағында 31 түрлі жануардан 87 төл дүниеге келді.