Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды

19.04.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бүгін Алматыда тоғызыншы Almaty Half Marathon өтті. Оған 44 елден 900-ге жуық желаяқ келіп, тоғыз жыл ішіндегі шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған марафон биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр. Жыл сайын қатысушылар географиясы кеңейіп келеді. Биыл жарысқа 821 шетелдік спортшы (жалпы санының шамамен 8%-ы) арнайы қатысу үшін Алматыға келді.

Қызылордада 400 адам қатысқан марафон өтті

Ең көп қатысқан елдердің үштігі: Ресей (346), Қырғызстан (146) және Өзбекстан (81). Сонымен қатар Қытай (37), АҚШ (32), Ұлыбритания (28), Украина (21) және Беларусь (18) елдерінен де қатысушылар болды. Бұл дода Азия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка мен Таяу Шығыс елдерінен келген желаяқтарды біріктіріп, Алматының халықаралық жүгіру картасындағы маңызды орталық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

«Спорттық туризм – қаланы халықаралық деңгейде танытудың ең тиімді құралдарының бірі. Сондай-ақ, жүгірушілер көбіне жалғыз келмейді: олармен бірге отбасы мүшелері мен достары да келеді, бұл өз кезегінде туристер санын арттырады. Көптеген шетелдік қонақ үшін бұл жарыс Қазақстанмен алғашқы таныстыққа айналып, қайта оралуға себеп болады. Біздің зерттеуімізге сәйкес, басқа қалалардан және шетелден келген қатысушылардың 79,3%-ы Алматыға қайта келуді жоспарлап отыр. Бұл жаңа сапарлар мен қаланың инвестициялық тартымдылығының артуын білдіреді», деді «Бірінші болу − батылдық» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.

Ұйымдастырушылар экологиялық талаптарға ерекше назар аударған. EcoNetwork серіктесі мәреде интерактивті экологиялық аймақ ұйымдастырып, жарыс бағыты бойында пластик қалдықтарды жинауды қамтамасыз етті. Жиналған қалдықтардың барлығы қайта өңдеуге жіберіледі.

Сондай-ақ, сөре алдында қатысушылар қажетсіз, бірақ жарамды қалың киімдерін қалдырды. «Жылу» жобасының командасы оларды жинап, сұрыптап, мұқтаж жандарға жеткізді.

Айта кетейік, 31 мамыр күні өтетін Astana Half Marathon жарысына тіркелу жалғасып жатыр. Бұл іс-шара еліміздің түкпір-түкпірінен жүгіру әуесқойларын біріктіреді.

Сонымен қатар 2026 жылы 27 қыркүйекте өтетін 15-ші мерейтойлық Almaty Marathon-ға да тіркелу ашық. Бұл Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру жарысы болмақ.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді

Қазақстан • Бүгін, 15:23

АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған

Денсаулық • Бүгін, 14:56

Астанада қай көшелер жабық тұр?

Елорда • Бүгін, 14:20

Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті

Қоғам • Бүгін, 13:58

Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды

Аймақтар • Бүгін, 13:26

Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Аймақтар • Бүгін, 12:59

«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40

Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды

Аймақтар • Бүгін, 12:25

Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді

Қазақстан • Бүгін, 11:58

Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды

Аймақтар • Бүгін, 11:47

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты

Спорт • Бүгін, 10:52

Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды

Әлем • Бүгін, 10:03

19 сәуірге арналған валюта бағамы

Қаржы • Бүгін, 09:35

Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді

Ауа райы • Бүгін, 09:19

Мақатаев ақ жол тілеген ақын

Тұлға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью