Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 30 қаңтар – Sputnik. Алматыда полиция қызметкерлері колледж басшылығымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда полиция қызметкерлері қала колледждері директорларының орынбасарларымен жұмыс кеңесін өткізді. Мақсат - жасөспірімдер қылмысының алдын алу.
Сонымен қатар девиантты мінез-құлықтың алдын алуда және жасөспірімдер ортасындағы алаңдататын белгілерге уақытылы ден қою туралы ерекше айтылды.
"Жасөспірімдер қылмысының алдын алу — полиция мен білім беру жүйесінің күнделікті бірлескен жұмысы. Тек тұрақты өзара іс-қимыл арқылы ғана біз жастарды бүкіл болашағына әсер етуі мүмкін қателіктерден қорғай аламыз. "Заң мен тәртіп" қағидаты ең алдымен жауапкершілікті түсіну мен заңға құрметтен басталады", — деді Алматы қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.
Кеңес қорытындысы бойынша тараптар бірлескен профилактикалық жұмысты күшейтуге, білім алушылармен түсіндіру кездесулерін жалғастыруға және тұрақты ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге келісті.