Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Алматыда түнгі заңсыз жарыстар мен қауіпті көлік жүргізу фактілерінің жолы кесілді. Қалада жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларының көбеюіне байланысты полиция күшейтілген рейдтік шаралар өткізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Соңғы үш күн ішінде Алматы көшелерінде 5 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде мас күйде көлік жүргізген 43 адам ұсталып, барлығы жүргізуші куәлігінен айырылды. Сондай-ақ 369 жүргізушінің көлікті тиісті құжаттарсыз басқарғаны анықталды. Рейд нәтижесінде 94 автокөлік айып тұрағына қойылды.
Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында қауіпті маневр жасау мен түнгі жарыстар ұйымдастыру әрекеттері дер кезінде тоқтатылды. Сонымен қатар белгіленген жылдамдықты асырудың 2 мыңнан астам дерегі тіркелген.
Ведомство өкілдері кейбір жүргізушілер құқық бұзушылықтарын әдейі видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялау арқылы жазадан құтылып кетеміз деп ойлайтынын атап өтті. Алайда мұндай әрекеттердің барлығы құқық қорғау органдарының бақылауында.
Соның бір дәлелі – Әл-Фараби даңғылында болған оқиға. Жүргізуші көлігін сағатына 250 шақырымға дейін үдеткен. Оның жеке басы жедел анықталып, ұсталды. Бірнеше әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен ол 10 тәулікке қамауға алынды.
Полиция қызметкері үш айлық нәрестесі бар отбасыны өз үйінде паналатты
Полиция қауіпті жүргізудің ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертіп, барлық жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
Соңғы жаңалықтар
Шетелдіктерді жұмысқа заңсыз тартқандар жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 09:16
Қаржы • Бүгін, 09:15
Қазақстан Ресей экономикасына 9 млрд доллар инвестиция салды
Үкімет • Кеше
Ел мектептерінде 50-ден астам «Жас құтқарушы» сыныбы ашылды
Қоғам • Кеше
Атырау маңында батпақта қалған 12 жолаушы құтқарылды
Қоғам • Кеше
Солтүстік Қазақстан облысы тасқын суға дайын ба?
Аймақтар • Кеше
Елордада республикалық олимпиада жеңімпаздары марапатталды
Білім • Кеше
Жамбылда 105 жас педагог конкурссыз жұмысқа қабылданды
Білім • Кеше
Роман Скляр Қытай парламенті төрағасымен кездесті
Үкімет • Кеше
Ақтөбеде полицей шетелдік азаматқа көмек көрсетті
Қоғам • Кеше
Қарағандылық майдангерге Қорғаныс министрінің құттықтау хаты табысталды
Өшпес даңқ • Кеше
Президенттің жаңа көмекшісі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Мемлекет басшысы Ерболат Досаевты қызметінен босатты
Президент • Кеше
Ұлттық білім академиясы экологиялық білім стандартын әзірлеп жатыр
Экология • Кеше
Үстел теннисі: Кирилл Герасименко ел чемпионатында үш алтын еншіледі
Спорт • Кеше