Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Түркістан облысында Алматы - Маңғыстау бағытымен жүрген жолаушылар пойызы адамды қағып кетті, салдарынан ол қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Түркістан облысында Алматы - Маңғыстау бағытымен жүрген жолаушылар пойызы адамды қағып кетті, салдарынан ол қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Оқиға орнынан түсірілген суреттер әлеуметтік желіде тарады. Қайғылы жағдай туралы ақпаратты "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі растады.
Оқиға 2 ақпанда сағат 16:10-да Арыс - Түркістан аралығындағы учаскеде болған. Қаза тапқан адам әскери теміржол күзетінің қызметкері екені анықталды.
КТЖ мәліметінше, Қостуын станциясы маңында №77 Алматы - Маңғыстау жолаушылар пойызы 78 км/сағ жылдамдықпен келе жатып, шұғыл тежегішті басқанына қарамастан, адамды қағып кеткен. Жарақат алған адам оқиға орнында көз жұмған. Түркістан станциясындағы желілік полиция бөліміне хабар берілген. Қазір оқиғаны арнайы комиссия тексеріп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться