Алматы маңында жатақханасы бар мектеп кампусы салынады

22.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бүгін Ядролық физика институты, Назарбаев Зияткерлік мектептері және «Байсерке Агро» компаниясы үшжақты келісімге қол қойды. Ядролық физика институты оқушыларға білім беру және тәжірибелік алаң ретінде қызмет етуге дайын. 

Институт қызметкерлері болашақ зияткерлік мектепте дәріс беріп, практикалық сабақтар өткізеді. Бұл меморандум атом саласына мамандар даярлауға және оқушылардың ғылым мен инженерлік мамандықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Кампустық үлгідегі мектеп Түзусай ауылында ашылатын ғылым қалашығының алғашқы әрі негізгі нысандарының бірі болады. Кампус ішінде балабақша да жұмыс істейді. Ал жоғары сынып оқушылары ғалымдардан тікелей білім алады.

Саябек Сахиев, Ядролық физика институтының бас директоры:
- Ядролық физика институтында 23 ғылыми-зерттеу лабораториясы бар, 80-нен астам ғалымдар бар. Бұл сол ғалымдар мен қазір жас болашақ ғалымдар тікелей кездесіп, болашақтың ғылыми жолдарын айқындай бастайды. Яғни кез келген оңды нәтиже кездейсоқ емес, заңды болу үшін жүйелі жұмыс істеу керек. Міне осы жүйелі жұмысты біз бүгін бастап жатырмыз.

Ермек Пайзов, Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS директоры
- Мектеп қабырғасынан оқушыларды ғылымға қызықтыру және біздің оқушыларымыз осы ғылыми жобалармен қазір әртүрлі жарыстарға, конкурстарға қатысып отыр. Осы ғылыми жобалардың тереңділігі мен олардың нақты экономика және нақты біздің ядорлық салаға бағыттайтын ғылыми жобаларды бастағалы отырмыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью