Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Астана – Қарағанды – Алматы тасжолында қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.
2026 жылдың 24 тамызы мен 10 қыркүйегі аралығында КАЗ-01 жолының 1194-тен 1209-шақырымына дейінгі учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Фото: "ҚазАвтоЖол"
Жібек жолы мен Қаскелең арасындағы қозғалыс күн сайын сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін толық жабылады.
Жұмыс жүргізу кезінде көліктер айналма жолға бағытталады.
"ҚазАвтоЖол" жүргізушілерден сапарын алдын ала жоспарлап, жол белгілеріне назар аударуды және реттеушілердің талаптарын орындауды сұрайды.
Тасжолдардағы шектеуҚазіргі уақытта жолдың бірнеше учаскесінде қозғалыс шектелген:
7 тамыздан бастап Алматы - Тараз тасжолы учаскесінде (159-дан 238-шақырымға дейін). Жұмыстардың болжамды мерзімі - бір ай; 30 шілде мен 25 тамыз аралығында " Алматы - Төңкеріс - Байсерке - Междуреченск жолында: 24 шілде мен 30 қараша аралығында Медеу - Тұйықсу жолында; 5-25 тамыз аралығында Астанадағы Алаш тасжолы учаскесінде.Тағы оқыңыз: Орташа жылдамдықты бақылау: Қазақстанда камералар қай жерлерде жұмыс істеп тұр?
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу