Алматы мектептері отандық цифрлық журналға бет бұрды

12.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Алматы мектептері отандық BilimClass электрондық журналына көшіп жатыр. Серверлері ел аумағында орналасқан әрі пайдаланушылар деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін платформа бұған дейін қаладағы 15 мектепте пилоттық режімде сынақтан өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

BilimClass – электрондық журналы мектепті басқару жүйесі, оқу контенті, әдістемелік талдау және аналитика құралдарын ұсынады. Ата-аналар мен оқушылар BilimClass мобильді қосымшасын тегін пайдаланады. Қосымша сабақ кестесі, сабаққа қатысу, оқу үлгерімі мен үй тапсырмалары туралы толық ақпарат беріледі. Педагогтер үшін платформада күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау, қашықтан сабақ өткізу мүмкіндігі, өз сабақтарын жүктеу, интерактивті тапсырмалар, БЖБ/ТЖБ каталогы, чат және оқушылармен кері байланыс құралдары қолжетімді.

Платформаға көшу оқу үдерісіне әсер етпеуі үшін арнайы қысқы демалыс кезеңінде жүргізілді. Осы уақытта мұғалімдер жүйемен жұмыс істеу бойынша арнайы оқудан өтті.

Қазіргі таңда BilimClass жүйесін еліміздің 11 өңіріндегі 2,5 миллион оқушы мен 350 мыңға жуық мұғалім пайдаланып отыр. Атап айтқанда, платформа Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау, Абай, Қызылорда, Жетісу, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облысында қолданыста. Платформаны әзірлеуші – Bilim Group IT холдингі. Мектептерге BilimClass платформасымен қатар, осы Bilim Group компаниясының басқа да өнімдері (BilimLand, OnlineMektep, BilimKids, iTest, BilimUstaz, Kitap.kz және SmartNation) ұсынылады. Олардың қатарында ҰБТ-ға дайындалуға көмектесетін iTest онлайн-тренажері, бастауыш сынып оқушыларына арналған қазақ тіліндегі iMektep видеосабақтар платформасы, сондай-ақ ТМД аумағындағы ең ірі цифрлық білім беру контент қоры саналатын BilimLand те бар.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде жалған нөмірмен жүрген 900-ден астам жүргізуші ұсталды

Заң • Бүгін, 17:32

«Теңізшевройл» Атырау жылу электр орталығына газ жеткізуді тоқтата ма?

Аймақтар • Бүгін, 17:20

Шұбаттан жасалған балмұздақ нарыққа шықты

Мәдениет • Бүгін, 17:10

Былтыр мүмкіндігі шектеулі жандардың 595,6 мың тапсырысы орындалған

Қоғам • Бүгін, 17:05

Қызылордада 100 жас отбасы баспаналы болды

Аймақтар • Бүгін, 16:56

Жоғары лауазымды шенеунік пара алғаны үшін қамалды

Жемқорлық • Бүгін, 16:55

Ақерке Амалят Витебсктегі халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

Мәдениет • Бүгін, 16:49

Атырауда күдіктіні азаптаған бес полицей бас бостандығынан айырылды

Аймақтар • Бүгін, 16:48

Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Руханият • Бүгін, 16:36

Дональд Трамп Иранға күш қолдануды талқылайды

Саясат • Бүгін, 16:18

Шымкентте көпқабатты үйдің алдынан жас қыздың мәйіті табылды

Оқиға • Бүгін, 16:07

Берік Асылов: Олигополия иелігіндегі 800 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Қаржы • Бүгін, 15:50

«Алтын глобус»: Үздік ерлі-зайыпты рөліндегі актер мен актриса анықталды

Кино • Бүгін, 15:40

Елімізде қылмыс жылдан-жылға азайып келеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:32

Алматыдағы крематорий жақын күндері жұмысын бастайды

Аймақтар • Бүгін, 15:28

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью