Алматы мен Астанада алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

04.11.2025

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Синоптиктер Астана мен Алматыда 5, 6 және 7 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер Астана мен Алматыда 5, 6 және 7 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

5 қарашада құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең аздаған қар, бұрқасын болады. Жел түнде солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады: жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -13…-15 градус, күндіз -6…-8 градус.

6 қараша – құбылмалы бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыс бағыттан соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -5…-7 градус, күндіз -0…-2 градус.

7 қараша – құбылмалы бұлтты, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыс бағыттан соғады, кей жерде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -2…-4 градус, күндіз 0…+2 градус.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

5 қараша – бұлтты, жауын-шашын (жаңбырдан қарға ауысады). Кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыс бағыттан соғады, екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…-3 градус, күн ішінде әрі қарай төмендейді.

6 қараша – құбылмалы бұлтты, түннің бірінші жартысында қар, тұман, жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыс бағыттан соғады, екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -5…-7 градус, күндіз 0…+2 градус.

7 қараша – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыс бағыттан соғады, екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5 градус, күндіз +5…+7 градус.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью