Алматы мен Астанадағы пәтер бағасы дерлік теңесті сарапшы себебін түсіндірді

13.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Астана пәтер бағасы бойынша Алматыны қуып жетіп қалды. Ұлттық статистика бюросының биылғы сәуірдегі деректеріне сүйенсек, жаңа салынған тұрғын үйлердегі пәтер құнының айырмашылығы 1500 теңгеден де аз. Қазақстан риелторларының өзін-өзі реттейтін қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко елордада баспана неге қымбаттап жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды TengriHome.

Поделиться

Астана пәтер бағасы бойынша Алматыны қуып жетіп қалды. Ұлттық статистика бюросының биылғы сәуірдегі деректеріне сүйенсек, жаңа салынған тұрғын үйлердегі пәтер құнының айырмашылығы 1500 теңгеден де аз. Қазақстан риелторларының өзін-өзі реттейтін қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко елордада баспана неге қымбаттап жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды TengriHome.

Алматы мен Астанадағы баспана бағасы

Нина Лукьяненконың айтуынша, бұл екі қала арасындағы баға айырмашылығы бұрын айтарлықтай болатын, бірақ бүгінде ол қысқарған. Биылғы мамырға қарай Алматыдағы тұрғын үй кешендерінде құрылыс салушы ұсынған шаршы метр бағасы - 733 375 теңгені құраса, Астанада - 731 990 теңге болған. Ал ескі үйлер қорын алсақ, бұл көрсеткіш Алматыда - 746 967 теңге, елордада - 728 903 теңге. Жалдау ақысы бойынша да қалалар теңесіп қалды: Алматыда шаршы метрі - 5 824 теңге, Астанада - 5 529 теңге.

Бұған не себеп болды?

Нина Лукьяненко мұндай үрдісті Астананың мәртебесімен түсіндіреді. Мұнда көптеген қазақстандық жұмыс істеуге, оқуға және тұруға келеді. Соның ықпалынан тұрғын үй мәселесі өткір. Елордада құрылыс нарығының жылдар бойы белсенді дамуына осы жайт та әсер еткен.

"Былтыр халық жеңілдетілген несиемен жылжымайтын мүлік алғысы келетін бағдарламалар өте аз болды. Ал Астанада салынып жатқан және жаңа үйлердің көптігіне байланысты банктер жеке бағдарламалары бар немесе бөліп төлеу бағдарламаларын іске қосқан құрылыс салушылар көп болды. Бұл, әрине, сұранысты арттырды. Тиісінше, сұраныстың артуымен Астанада баға да өсті. Айта кету керек, бұл өсім Алматыға қарағанда жоғары болды", - дедә спикер.

Спикердің айтуынша, бұл жағдайда Алматыдағы тұрғын үй бағасы ұзақ уақыт бойы қалыптасқан. Мұнда дайын пәтерлер 13 ай қатарынан қымбаттап келеді. Мысалы, жаңа үйлердің бағасы 2024 жылдың қаңтарында бірден 4,2 пайызға өсті. Бұл көрсеткіштер 2023 жылдан бергі ең жоғары деңгей болды. Сондай-ақ сарапшы қазір алматылықтар арасында қандай баспана сұранысқа ие екенін айтты.

Алматыда не көбірек сатып алынады?

Сарапшының айтуынша, осыдан үш-төрт жыл бұрын бір бөлмелі пәтерлер өтімді болатын. Бірақ соңғы жылдары екі бөлмелі пәтерлер көш бастап тұр. Айта кету керек, бұл формат жалпы ел бойынша танымал бола бастады.

"Сандармен сөйлесек, жалпы Қазақстан бойынша бір бөлмелі және екі бөлмелі пәтерлерді сатып алу айына он мыңды құрайды. Ал үш бөлмелі пәтерлер - бес мың шамасында", - деп деректермен бөлісті Нина Лукьяненко.

Нина Лукьяненко шағын пәтерлер көбінесе алғашқы баспана ретінде сатып алынатындықтан сұранысқа ие екенін түсіндіреді. Тиісінше, адам бюджетіне қолайлысын іздейді, ал ол - бір бөлмелі пәтерлер. Сондай-ақ оларды көбіне алғашқы жылжымайтын мүлік немесе жалға беру үшін алады. Ал "екі бөлмелілерді" отбасы толыққандар белсенді сатып алып жатыр. Олар ауданын кеңейтіп, жеке бөлмелі болғысы келеді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Алматы Астана пәтер Баға Статистика

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью