Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
"Қазгидромет" мәліметінше, 21 маусымда Қостанай, Алматы, Талдықорған қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Теміртау мен Қарағандыда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – желдің болмауы немесе әлсіз соғуы, тұман, температуралық инверсия сияқты қысқа мерзімді ауа райы құбылыстарының жиынтығы. Мұндай кезде атмосфераның төменгі қабатында зиянды ластаушы заттар жиналып, ауа сапасы нашарлайды.
Мамандар мұндай кезеңде тұрғындарға, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында ашық ауада ұзақ жүрмеуге кеңес береді. Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерін бірге алып жүргені жөн.